Теміртауда төрт қабатты тұрғын үй әп-сәтте үйіндіге айналуы мүмкін

0
2 482

​Құлағалы тұрған үй тұрғындарының көшетін жері жоқ. Ал қалалық әкімдіктегілер аталған нысанды проблемалық тұрғын үй деп санамайды.


Теміртауда төрт қабатты тұрғын үй әп-сәтте үйіндіге айналуы мүмкін

ERNUR.KZ. Теміртау қаласындағы Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан №20/1 үйдің тұрғындары әп-сәтте үйіміз үйіндіге айналама деп алаңдаумен өмір сүріп келеді, деп жазады sputniknews.kz.


"Біз үйіміз құлап қала ма деп қорқамыз. Мұнда балалармен бірге тұрамыз, ал бұл олар үшін өте қорқынышты. Оған қоса, ипотекаға алған пәтерімның ақысын тағы 7 жыл бойы төлеуім керек", – дейді тұрғын Анаргүл Зейнетхан.


Қалалық әкімдіктегілер болса, аталған нысанды проблемалық тұрғын үй деп санамайды.

"2005 жылы кәріз жүйесінің апаты соңғы кіреберіс маңындағы үйдің іргетасын шайып кеткен. Тап сол кіреберістегі пәтерлер иесіз болғандықтан, апат жайлы төтенше жағдайлар қызметіне уақтылы хабарланбаған", – дейді ведомство өкілдері.

Ал 2008 және 2012 жылдары ғимаратқа техникалық сараптамалар жүргізіліп, соған сәйкес тұрғын үй апатты деп танылмаған.

Тұрғындарға ТКШ бағдарламасы бойынша модернизация жүргізу ұсынылды, бірақ олар бас тартып, жаңа пәтерлермен қамтамасыз етуді сұрады.


"Қолданыстағы нормалар шеңберінде әкімдіктің бұған құқығы жоқ. Биыл қосымша сараптама жүргізілетін болады. Соның нәтижесі бойынша одан әрі ықтимал шаралар қарастырылады", – дейді Теміртау қаласының баспасөз қызметі.