16 тамыз күні дәл осы көшедегі көпқабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған болатын. 4 адам зардап шекті.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы көпқабатты үйде газ қоспасы жарылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Төтенше жағдай 25 тамыз күні сағат 14:35-те Металлургтер даңғылы, 21/2Б мекенжайында болды.
Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, 9 қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Кіреберістің 2-ші қабат деңгейінде әйнектер сынған. Өрт тұтанған жоқ.
«Теміртау қаласы бойынша ТЖБ қызметкерлері газ қызметімен және тұрғын үй иелерімен бірлесіп пәтер бойынша тексеру жүргізді, содан кейін тұрғындар өз пәтерлеріне оралды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 16 тамыз күні дәл осы көшедегі көпқабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған болатын. 4 адам зардап шекті. Өрт болған жоқ, үш пәтер бүлінді.