Атырау облысындағы кен орында 8 сәуірден бастап COVID-19 вирусын жұқтырудың 2 160 дерегі тіркелген.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Теңіз кен орнында қанша жұмысшы коронавирус жұқтырғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, Атырау облысындағы кен орында 8 сәуірден бастап COVID-19 вирусын жұқтырудың 2 160 дерегі тіркелген.
"Оның ішінде Атырау облысының 1 809 тұрғыны, демобилизацияланғандардың арасында 351 адам коронавирус жұқтырған. Инфекция ошағы Теңіз кен орнындағы 36 вахталық кентте және 57 ЖШС-да тіркелді. Олар Теңізде жұмыс істейді", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.