ТМД-да халқы алкогольді көп ішетін мемлекеттер тізімі жарияланды

0
125

Қазақстанда әйелдер жылына орта есеппен 2,76 литр алкоголь тұтынса, ерлер 10,3 литр ішімдік ішеді екен.


ТМД-да халқы алкогольді көп ішетін мемлекеттер тізімі жарияланды

фото: Sputnik / Ю. Левянт

ERNUR.KZ. World Population Review жариялаған алкогольді өнімдерді тұтыну рейтингінде Қазақстан әлем бойынша 68-ші орынғды тұр, деп жазады sputnik.kz.
Республикада 15 жастан жоғары азаматтардың орташа тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда жылына 6,38 литр алкогольді ішімдікті құрады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда әйелдер жылына орта есеппен 2,76 литр алкоголь тұтынса, ерлер 10,3 литр ішімдік ішеді екен.
ТМД елдері арасында да Ресей көшбасшы, ол алкогольді тұтыну бойынша әлемде бірінші орында. Әлемдік бестікке сонымен қатар Грекия, Лесото, Мадагаскар және Джибути кірді. Алкогольді тұтынудың ең төменгі көрсеткіштері Люксембург, Судан және Йеменде тіркелді.
Беларусь Қазақстаннан жоғары орынға шықты: мұнда жылына жан басына шаққанда 11,6 литр алкогольдік сусын тұтынылады. ТМД-ның басқа елдерінде бұл көрсеткіш төмен:
Молдовада – 4,79 литр;
Арменияда – 4,28 литр;
Әзірбайжанда – 2,49 литр;
Өзбекстанда – 2,1 литр;
Түркіменстанда – 1,26 литр;
Қырғызстанда – 0,72 литр.
2024 жылы қазақстандықтар алкогольдік ішімдіктерге жан басына шаққандағы орташа есеппен 7,4 мың теңге жұмсады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,6%-ға көп.
Алкогольге ең көп ақша жұмсаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты: жылына 16,2 мың теңге. Облыста шығын 7,3 пайызға өсті. Одан кейін Алматы (15,3 мың теңге), Қарағанды (13,9 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (13,7 мың теңге) және Павлодар (12,9 мың теңге) облыстары тұр.
Алкоголь өнімдеріне ең аз шығын Қызылорда (жан басына шаққанда 1,3 мың теңге), Түркістан (1,5 мың теңге) және Маңғыстау (1,6 мың теңге) облыстарында тіркелді.
Бағаға келетін болсақ, биылғы жылдың сәуір айында Қазақстанда алкогольдік ішімдіктер айына 1,2%-ға, бір жылмен салыстырғанда 10%-ға қымбаттады. Атап айтқанда, бір айда арақ 0,9%-ға, сыра 1,2%-ға, шарап 1,5%-ға қымбаттады. Бір жыл ішінде арақ 5,5%-ға, шарап 10,9%-ға, сыра 13,9%-ға қымбаттады.