ТМД-ның алты азаматына Қазақстан шекарасынан өтуге тыйым салынды

0
2 379

Өткен тәулікте Павлодар облысындағы шекарадан 700 адам өтті, оның 305-і жаяу және 395-і жүк көлігінің жүргізушісі.


ТМД-ның алты азаматына Қазақстан шекарасынан өтуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. ТМД-ның алты азаматына Павлодар облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге тыйым салынды, деп жазады inbusiness.

Павлодар облысының аумағындағы 4 бақылау бекеттерінде адамдардың қозғалысын бақылау жалғасуда. Өткен тәулікте шекарадан 700 адам өтті, оның 305-і жаяу және 395-і жүк көлігінің жүргізушісі. 6 адам карантиндік стационарға орналастырылған.

«Соңғы бір тәулік ішінде COVID-19-дың расталған жағдайлары тіркелмеген. Алайда ТМД-ның алты азаматына ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз келгеніне байланысты елге кіруіне тыйым салынды. Олардың екеуі - Қырғызстан, төртеуі - Ресей Федерациясының азаматтары. Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Павлодар облысына 77 724 адам келген. Анықтамасыз келген 2475 Қазақстан Республикасының азаматтары карантиндік стационарларға ПТР тексеруден өту мақсатында орналастырылған», - деп жазылған ресми ақпаратта.