​Төбелескен басшылар қызметімен қош айтысты

0
1 285

Бұл жағдай үлкен дауға ұласқасын қызметінен де қуылды.


​Төбелескен басшылар қызметімен қош айтысты

Тараздағы темір жол вокзалының басшысы мен орынбасарының жұмыс орнында жаға жыртысуы үлкен дауға ұласты. Осы жағдайдан кейін «Қазақтан темір жолы» Ұлттық компаниясы қызу қанды қызметкерлерді жұмыстан босатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. «Jambyl» телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге тараған төбелестің видеосы қазір қызу талқыланып жатыр.

Мына кадрда кабинеттен дәлізге шыққан бойда екі кісі алыса жөнеледі. Ірі денелісі вокзал басшысы Талғат Төлебеков дейді мұндағы қызметкерлер. Ал оған әлі жетпей жұдырықтың астында қалған орынбасары Мақсат Садығұлов екен.

Жаға жыртысқан басшыларын қол астындағылары ажыратып әлекке түскен. Бірақ қызу қанды Төлебеков сонда да қояр емес, Садығұловты соңынан қуып барып тағы сабамақ болған. Төбелестен ешкімнің басы жарылып көзі шыға қоймағанымен осы әрекеті үшін Төлебеков әкімшілік жауапқа тартылып, 24 мың теңге айппыұл төлеген. Және бұл жағдай үлкен дауға ұласқасын қызметінен де қуылды.

Бірақ бұрынғы вокзал басшысы бұл істі жай қалдырмайтынын айтады. Ол видеоны әлеуметік желіге жүктегендерді сотқа бермек. Ал, өзі орынбасары бұйрығына бағынбай, аузына келгенін оттап балағаттағасын осылайша сабасына түсірмек болғанын айтады.