ERNUR.KZ. Қазақстан президенті 8-9 мамырда Мәскеуге сапар шегуді жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.
Жоспарланған басқа кездесулердің ішінде республика биылғы жылы екі интеграциялық ұйымға - ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға (ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) төрағалық ететінін айтты.
"Осы форматтар аясында біздің көшбасшылар арасындағы кездесулер де болады", - деді Абаев.
Оның айтуынша, мемлекет басшылары Уфадағы Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесуі мүмкін.