Тоқаев: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді

0
524

Жәния Азаматқызы 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.


Тоқаев: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді

Қазақстан халқы 19 миллион адамға жетті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала", - деп жазды Тоқаев.
Ол сәбидің ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

Жәния Азаматқызы 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.

Айта кетейік, 18 миллионыншы қазақстандық 2017 жылы тіркелген болатын, ол да Алматы облысының тұрғыны. 18 миллионыншы қазақстандық - 2017 жылдың 11 мамырында Талдықорған қаласында Мүслима Саматқызы. Мүслиманың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын.