Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысымен кездесті

0
823

Президент ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.


Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысымен кездесті

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Әскери-саяси ықпалдастықты, атап айтқанда, ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық", - деп жазды Тоқаев.

Ол ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бұған дейін Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы лауазымына қсынылды. Оның кандидатурасына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесі келісім берді.

ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысы Юрий Хачатуров Армениядағы 2008 жылғы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша қылмыстық қудалаумен байланысты қызметінен босатылды.