Тоқаев Экология министрінің жұмысын сынға алды

0
451

Президент өз сөзінде Астана су қоймасының ластанып жатқанын тілге тиек етті.


Тоқаев Экология министрінің жұмысын сынға алды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Зүльфия Сүлейменованың жұмысын сынға алды, деп жазады stan.kz.

Президент өз сөзінде Астана су қоймасының ластанып жатқанын тілге тиек етті.

"Мұны құзырлы министрлік білуге тиіс. Қойманың түбін тазалап, оны тереңдету керек. Астана су қоймасының бөгетін толық тексеріп, нығайту қажет. Оған Сәтбаев каналынан судың тұрақты келіп тұруын қамтамасыз еткен жөн. Осы шараларды дереу қолға алу керек.

Қойманың техникалық жағдайын шұғыл ретке келтіру қажет. Бұл – өте маңызды мәселе. Астанада бұдан басқа су көзі жоқ.

Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс", - деп қадап айтты Тоқаев.