ТОҚАЕВ: "Қазақстан темір жолын" толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет

0
600

Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн.


ТОҚАЕВ:

Мемлекет басшысы өз Жолдауында "Қазақстан темір жолын" толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет. Сондай-ақ автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», - деді Президент.

Сонымен бірге, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек екенін. Осылайша, уақыт өте келе Қаазақстанның көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналатынына сенім білдірді.

"Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады" - деді Тоқаев.