Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты

0
1 042

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.


Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты

Президентттің жарлығымен Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес, Президент Қаулы жариялады:

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын", - делінген президенттің жарлығында.
Тоқаев үкіметке орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.