Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілін қабылдады

0
660

Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды


Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілін қабылдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, деп жазады

Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды”, - делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.