ТОҚАЕВ: Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру

0
412

Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек.


ТОҚАЕВ: Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру

Ел Президенті өз Жолдауында еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру ең басты міндет екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталды.


«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.