Тоқаев: Көпшіліктің пікірін ескермей АЭС салуға болмайды

0
963

Тоқаев электр станциясын салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсіп жатқанын айтты.


Тоқаев: Көпшіліктің пікірін ескермей АЭС салуға болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге сапары кезінде атом электр станциясын салу жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев электр станциясын салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсіп жатқанын айтты.

Бұл – күрделі мәселе. 2030 жылы Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Сондықтан, осы мәселені қазір шешуіміз қажет. Дегенмен, көпшіліктің пікірін ескермей, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдауға болмайды. Бүгінде бұл станцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын көптеген технология бар. Сонымен қатар, АЭС жаңа жұмыс орындарын ашып, Қазақстанның энергетикалық дербестігін қамтамасыз ете алатынын ескерген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен болатын. Путин ресейлік теxнологиясымен Қазақстанда АЭС салу жөнінде сөз қозған.

Кейін АЭС-тің құрылысы Алматы облысындағы Үлкен ауылында салынатыны жайлы xабар тарады.