Тоқаев Құрбан айт қарсаңында екі адамға рақымшылық жасады

0
1 034

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли аталған ақпаратты растады.


Тоқаев Құрбан айт қарсаңында екі адамға рақымшылық жасады

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Балтабай мен Ярослав Голышкинге рақымшылық жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы болған Ярослав Голыщкин 2015 жылдың 30 қазанында бопсалау және кәмелет жасына толмаған тұлғаны ауыр қылмысқа тарту баптары бойынша сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылып, бүкіл мүлкі тәркіленген болатын.

Ал Шымкент қаласындағы «Лайықты еңбек» кәсіподақ қозғалысының жетекшісі болған Ерлан Балтабай бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иелену бабы бойынша 7 жылға сотталып, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдарды басқару құқығынан айырылған. Оған кәсіподаққа тиесілі 10,8 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып, сот кінәлі деп шешкен болатын.