Тоқаев Бейжіңге жұмыс сапарымен барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.