Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады

0
1 158

​Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен өзара іс-қимылды жалғастырып, гуманитарлық көмек жіберетінін айтты.


Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына Ауғанстанға көмек көрсету туралы өтініш жасады, деп жазады sputnik.kz.

"Орталық Азия – Үндістан" бірінші онлайн-саммиті кезінде Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен іс жүзінде өзара іс-қимылды жалғастырып, оған азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек түрінде көмек жіберіп отыратынын айтты.

"Біздің саяси көзқарасымызға, жеке сенімімізге қарамастан, біз Ауғанстан мен оның халқын бұрын соңды болмаған қиындықтар мен гуманитарлық дағдарыс кезінде жалғыз қалдырмауымыз керек", - деді Қазақстан басшысы.

Республика президенті қауіпсіз және тұрақты Ауғанстан Азия елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және дамуы үшін жаңа мүмкіндік ашатынына сенім білдірді.

Орталық Азия елдері мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 миллиард долларға жетті, Қазақстанның осы саудадағы үлес салмағы 80%-ті құрады.

"Орталық Азия – Үндістан" онлайн форматтағы бірінші саммитте елдер көшбасшылары мемлекеттер арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту перспективаларын талқылады.

Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан президенттері және Үндістан премьер-министрі қатысты.