Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады

0
527

Отырыс 4 шілде күні өтеді.


Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп жазады sputnik.kz.

Отырыс 4 шілде күні өтеді. Мемлекет басшысы оған бейнеконференция форматында қатысады.
Кездесу барысында ШЫҰ қызметінің өткен жылғы жұмысын қорытындылап, ұйым аясында көпжақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындау жоспарланып отыр. Сондай-ақ президенттер өзекті халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша пікір алмасады.
Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.