Әзірге ұтыстың басын екі бөлмелі пәтер тіккен Елорда әкімі Көлгінов бермей тұр.
ERNUR.KZ. Тоқаев тапсырмасынан кейін, әкімдер вакцинация мәселесіне білек сыбана кірісіп кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Тіпті, ұтыс ойындарын ойнатудан араларына жорға жүгіртіп, аламанға түсіп жатыр десек те болады. Әзірге ұтыстың басын екі бөлмелі пәтер тіккен Елорда әкімі Көлгінов бермей тұр.
Осылайша, қай әкім екпе салдыратындарды қандай сыйлықпен қызықтырмақ? Елордадағы вакцинация пункттерінде халықтың карасы көбейгені байқалады.