Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенті болып сайлануымен құттықтады

0
77


Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенті болып сайлануымен құттықтады

© Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайланған белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловты құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады", - деп жазылған хабарламада.
Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын қазақстандыққа толайым табыс тіледі.
Айта кетері, 38 жастағы кәсіпкер ірі инвестициялық холдинг Freedom Holding Corp. компаниясын құрған. 2023 жылдан бері Қазақстан шахмат федерациясын басқарып келеді.
FIDE-нің бұған дейінгі президенті Аркадий Дворкович ұйымды 2018 жылдан бері басқарған. Алайда Еуропалық Одақтың санкциялық тізіміне енгізілгеннен кейін өз кандидатурасын алып тастады.