Тоқаев: Үкімет балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді қарастырады

0
1 620

Президент өзінің атына келіп түскен өтінішке жауап берді.


Тоқаев: Үкімет балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді қарастырады

Үкімет науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептер тәрбиешілерінің жалақысын көбейту мәселесін қарастырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Президентінің Twitter-іне сілтеме жасап.

«Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады», - деп жазды Мемлекет басшысы.