Тоқаев: Жемқорлыққа қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес

0
1 098

Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды.


Тоқаев: Жемқорлыққа қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы мықты дәрі қолданбаса, одан арылу мүмкін емес деп санайды. Мемлекет басшысы мұндай пікірді Маңғыстау жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елмен байланыс жасауға кедергі келтіретін құбылыстың бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Жемқорлықтың тамырына балта шауып, оны түбегейлі жою аса маңызды міндетке айналуы тиіс. Санасы сергек, ойы таза өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін бұл істі жүзеге асырудың мәні зор. Жемқорлық, бұл – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзеге асыра береміз. Ең бастысы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсы ахуал қалыптастыру. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан, бәріміз ел болып, қоғам болып осы жұмысқа кірісуіміз керек. Біздің қоғамымызда жемқорлық, әсіресе, ауқымды жымқырушылық нағыз ұят нәрсе ретінде саналуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғалардың барлығы қатаң түрде жазаланады. Алайда, жемқорлыққа қарсы күресті науқаншылдыққа айналдырмау қажет", деді мемлекет басшысы.