Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті ұсталды

0
1 046

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді.


Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті ұсталды

ERNUR.KZ. Шетел барлау агенті Мемлекет басшысы мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған, деп жазады Tengrinews.kz.

25 наурызда ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Президентке және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті "А" деген қазақстандықты ұстады.

"Ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған. Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару кәсіби түрде жасырылып, Қазақстанға бөлшектермен әкелінген", - делінген хабарламада.

Бұдан өзге, күдікті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындағаны хабарланды.

"Алдын ала тергеу барысында ер адам бұл істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады. Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (Терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - дед ҰҚК өкілдері.