Тоқмәди қашқаны үшін қосымша жазаға тартылуы мүмкін

0
1 168

Прокурор Асхат Құнанбаев Мұратхан Тоқмәдидің ауруханадан қашып кету ісі қосымша қылмыс ретінде қаралып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаныны айтты.


Тоқмәди қашқаны үшін қосымша жазаға тартылуы мүмкін

Таразда 14 жыл бұрынғы адам өлімі бойынша айыпталған Мұратхан Тоқмәдидің ісіне соңғы нүкте қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

52 жастағы Мұратхан Тоқмәди тергеу процестері кезіндегі үзілісте Жамбыл облыстық ауруханасынан қашқан болатын. ҚР ҰҚК мәліметі бойынша,Тоқмәди Мұратхан Шәкерханұлы 2018 жылдың 8 наурызында 19 сағат 20 минут шамасында Жамбыл облыстық ауруханасынан қашып кеткен. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот процесінде М.Тоқмәди денсаулығының нашарлағанына шағымданып, осы себепті Жамбыл облысының ауруханасына жатқызылған болатын. Арнайы жүргізілген шаралардың арқасында М.Тоқмәди Тараз қаласында ұсталып, «Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіне қамалған еді. Осы ретте прокурор Асхат Құнанбаев Мұратхан Тоқмәдидің ауруханадан қашып кету ісі қосымша қылмыс ретінде қаралып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаныны айтты.

Еске сала кетейік, «КазСтройСтекло» ЖШС иесі Мұратхан Тоқмәдиге «Тұран Әлем Банкі» АҚ бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылған болатын. Оған тапсырыс беруші ретінде, «Тұран Әлем Банкі» АҚ басшысының өлімін $4 млн-ға бағалаған қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтің есімі аталған. Бұрын Тоқмәди «абайсызда өлтіргені» үшін бір жылға сотталып, артынша рақымшылықпен түрмеден босатылған. 2017 жылы М.Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарында (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, бопсалаумен не бандитизммен адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылып, үш жылға бас бостандығынан айырылған. Бас прокуратура банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты жаңа деректер бойынша тексеріс жүргізіп, осы іс бойынша сот өндірісі қайта жүргізілген болатын.