Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Air Astana әуекомпаниясы 9 тамыз күні рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады inform.kz.
Рейстердің кешігу себебі 8 тамыз күні Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін бітеді.
«Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұраймыз», - делінген әуекомпания хабарламасында.