Төтенше жағдай түнгі сағат екіге қарай болған.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Павлодарда колледж жатақханаларының бірінде екі студент қыз түн ортасында қалаға шығу үшін төртінші қабаттан перде арқылы түспек болған. Салдарынан бұл әрекет сәтсіз болып екі студент түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп жазады stan.kz.
Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай түнгі сағат екіге қарай болған.
“Павлодар колледждерінің бірінде кәмелетке толмаған екі студент төртінші қабаттан перде көмегімен жерге түсеміз деп, құлады”, – делінген ведомство хабарламасында.
17 және 18 жастағы қыздар жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.