Беташар Маңғыстау облысында өткен.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында елдегі төтенше жағдай режиміне қарамастан беташар өткізген әйел жазаланды, деп жазады tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, ТЖ режиміне қарамастан беташар өткізген Онды ауылының тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
Ол карантин ережелерін сақтамай, үйде беташар рәсімін өткізген.
"Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды", - деді ведомстводағылар.