Көліктің ішінде жүргізушіден бөлек тағы үш жолаушы отырған.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында Toyota маркалы көлік жүргізушісі екі көше саудагерін қағып кетті, деп жазады Stan.kz.
Жол апаты Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолының 208 шақырымында орын алған. Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша, 25 жастағы Toyota Camry жүргізушісі жолдағы көлік қақтығысын болдырмау үшін, жолдың жиегіне шығып кеткен. Алайда сол маңдағы 35 және 40 жастағы тәтті тосап сатып тұрған екі саудагерді барып соққан. Жарақат алған азаматшалар Бұланды аудандық ауруханасына жеткізіліпті.
Көліктің ішінде жүргізушіден бөлек тағы үш жолаушы отырған, олар жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шекпеді.
Оқиға орнында ол пайдалану учаскесінің, Бурабай аудандық полиция қызметінің жедел-тергеу тобы мен Тұлпар-9 жол-патруль қызметкерлері жұмыс атқаруда.