Сотта күдікті кінәсін жартылай мойындады.
ERNUR.KZ. Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны 2022 жылы 14 маусым күні жасаған қылмысы үшін 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады zakon.kz.
Көкшетаудағы түнгі клубтардың бірінде жастар арасында жанжал шыққан. Дау-дамай кезінде мас күйде болған жігіт жәбірленушіге үш рет пышақ сұғып алған. Салдарынан ол көз жұмды.
Сотта күдікті кінәсін жартылай мойындады. Оның сөзінше, жәбірленуші оны балағаттап, жұдырық ала жүгірген.
Көкшетау қаласының тұрғыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеуге сотталды. Сондай-ақ одан жәбірленуші тарапқа келтірілген материалдық шығын мен моральдық шығынды өтеу үшін қаражат өндіру көзделді.