Түнгі клубтан шыққан: Жітіқарада жоғалған жас жігіттің денесі табылды

0
119

Ол 7мамырда түнгі клубтан шыққаннан кейін жоғалып кеткен.


Түнгі клубтан шыққан: Жітіқарада жоғалған жас жігіттің денесі табылды

Фото: Хризотил

ERNUR.KZ. Қостанай облысында 7 мамырда Жітіқарадағы түнгі клубтан шыққан соң жоғалып кеткен 24 жастағы Евгений Кузьминнің мәйіті табылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Жас жігіттің денесі өзеннен жағадан шамамен 20 метр қашықтықта, 3,5 метр тереңдікте табылды.

Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу-жедел тобы жұмысын жалғастырып жатыр.

Марқұмның жанында іздеу хабарламасында көрсетілген құжаттар мен ақшалай қаражат табылды.

Евгений Кузьмин 7 мамырда түнгі клубтан шыққаннан кейін жоғалып кеткен. Туыстары полицияға жүгініп, көп ұзамай іздеу шаралары басталған-тын.