​Түркістан облысында апатты жағдайда тұрған мектеп көп – Ерлан Сағадиев

0
1 449

Түркістан облысында апатты жағдайда тұрған мектеп көп.


​Түркістан облысында апатты жағдайда тұрған мектеп көп – Ерлан Сағадиев

ERNUR.KZ.Түркістан облысында апатты жағдайда тұрған мектеп көп. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Түркістан облысында апатты жағдайда тұрған 12 мектеп бар, Батыс Қазақстан облысында төрт мектеп апатты жағдайда тұр. Ауыл мектептерінде материалдық-техникалық жабдықтар мен кәсіби білікті мамандар жетіспейді", – деді Сағадиев.

Министр республика мектептеріндегі үш ауысым мәселесіне назар аударды.

"Үш ауысымды мектептің пайда болуының басты себебі демографиялық және миграциялық процестер. Мысалы, 2017 жылы Астанаға басқа өңірлерден 80 мыңнан аса адам көшіп келді, оның ішінде 717-ге жуығы – балалар. Бұл мектеп жетіспеушілігі мәселесін тудырады. Осыған байланысты қазіргі таңда мектеп салуға қаражат бөліп жатырмыз. Мәселені толық шешу үшін барлық қалада жан басына қаражат бөлу керек, яғни мектеп салуға жеке компанияларды тарту керек. Республикалық бюджетте бұған қаражат бөлініп тұр. Облыс әкімдері осы мәселеге назар аударулары тиіс", – деді министр.