Түркияда хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жігіт табылды

0
452

Қазақстандық Түркиядан елге ұшатын рейстен қалып қойғаннан кейін белгісіз себептермен туыстарымен байланысын тоқтатқан.


Түркияда хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жігіт табылды

ERNUR.KZ. ҚР Бас консулдығы қызметкерлерінің көмегімен ер адамның Түркияның Кожаели провинциясындағы полиция бөлімшелерінің бірінде болғаны белгілі болды. Кейін оны Қазақстаннан ұшып келген анасы алып кеткен, - деп жазады Tengrinews.kz.

"2021 жылғы 25 қазанда Қазақстанға қайтуы тиіс болған Ә. Кеңесхан атты ҚР азаматы белгісіз себептермен рейсін өткізіп алған. Ата-анасымен байланысқа шыққанда өзінің қайда жүргенін айта алмай, сөйлеу мәнерінде өзгерістер болған. Соңғы рет жақындарымен 28 қазанда хабарласып, содан бері байланыс үзіліп қалған. Сол күні Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығына аталған азаматты танитын кісілер хабарласқаннан кейін, Ә. Кеңесханның туыстарымен дереу байланыс орнатылды. Анасының баласын іздестіру туралы өтініш білдіруіне байланысты шұғыл түрде Түркия Сыртқы істер министрлігіне іздеу салу туралы нота жолданды", - деп хабарлайды консулдықтан.

Сондай-ақ, Түркияның құқық қорғау органдарына азаматқа іздеу салу туралы өтініш берілген.

"Одан бөлек, белсенді азаматтардың бастауымен әлеуметтік желілерде іздестіру науқаны жүргізілді. Нәтижесінде 30 қазанда азаматтың Қожаелі провинциясы полиция бөлімдерінің бірінде отырғаны анықталды. Қазақстаннан келген анасы 30 қазанда Ә. Кеңесханды сол жерден алып, бүгінде елге оралуға дайындалып жатыр", - делінген ресми хабарламада.