Түрмеге де қамалмаған: Талғарда жас жігітті қағып өлтірген экс-полиция қызметкеріне қатысты үкімнің себебін сот түсіндірді

0
844

Жеңісовтың анасы Нұргүл Түркібаева экс-полицейге тым жеңіл жаза берілді деп санайды.


Түрмеге де қамалмаған: Талғарда жас жігітті қағып өлтірген экс-полиция қызметкеріне қатысты үкімнің себебін сот түсіндірді

ERNUR.KZ. Талғарда жас жігітті қағып өлтірген экс-полицейге қатысты үкімді сот түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

"Талғар аудандық соты бұрынғы полиция қызметкерін адам өліміне әкеп соқтыратындай жол қозғалысы ережесін бұзып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін (ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабы) бойынша кінәлі деп таныды. Осы қылмыстар үшін Қылмыстық Кодек бойынша ең жоғары жаза 5 жыл бас бостандығынан айыру. Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеруге міндетті. Жеңілдететін мән-жайлар болған кезде (шын жүректен өкіну және кәмелетке толмаған балалардың болуы) сот жазаны ең жоғары жазаның жартысынан көп мерзім бере алмайды", – деді аудандық сотта.
Белгілі болғандай, сот күдіктіні 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, ең жоғары жазаға – 2,5 жылға бас бостандығынан шектеді.
"Айта кететін жайт, қылмыстың бұл түрі заң бойынша онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылған, сондықтан сот рақымшылық жасауы міндетті. Сотталған экс-полиция қызметкері соттың қалауы бойынша емес Рақымшылық туралы заңның талаптарына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық шағым түсірілген", - деп түсіндірді аудандық сот.
Еске салайық, Талғарда 18 жастағы Дінмұхамед Жеңісті бұрынғы полицейдің қағып, өлтіріп кеткен. Жеңісовтың анасы Нұргүл Түркібаева экс-полицейге тым жеңіл жаза берілді деп санайды.