Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнайы мектептерде оқу үшін квота бөлінеді

0
670

Биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды.


Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнайы мектептерде оқу үшін квота бөлінеді

ERNUR.KZ. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына "БИЛ", "Дарын" және мамандандырылған мектептерде оқу үшін жыл сайын 15% квота бөлінеді. Бұйрыққа оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді. Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша "БИЛ", "Дарын" және т.б. мектептерге оқуға түсе алады", - деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталар енгізілген болатын. Сол шешімнің арқасында мыңдаған бала оқуға түсті.
Айта кетері, биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды.