Жоғалғандардың өздері, не олардың іздері анықталмады.
ERNUR.KZ. Тянь-Шань тауының Қырғыз бөлігінде жоғалған алматылық альпинистерді іздестіру шаралары тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әскери альпинистер елге оралды. Жоғалғандардың өздері, не олардың іздері анықталмады. Бұл туралы іздестіру-құтқару операциясының мүшелері баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.
«Іздерін көре алмадық. Тепловизор құрылғысы да еш нәтиже бермеді. 21 тамызда Жеңіс шыңында күн бұлтты болды. Тәулік бойы ауа райының тұрақталуын күттік. 22 тамызда қайта іздеуге шықтық. Алайда өзгеріс жоқ. Қар көшкіні жүру қаупі әлі де сақталып отыр, сондықтан іздеу жұмыстары тоқтатылды», – деп мәлімдеді іздестіру-құтқару операциясының жетекшісі В.Пивцов.