​ТЖД басшысы пара алды деген күдікке ілінді

0
1 431

Тергеу жалғасып жатыр.


​ТЖД басшысы пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ ТЖК Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ұлттық бюро мәліметінше, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі 2018 жылы 11 қазанда пара алды деген күдікке ілінді.

"Ол Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысынан азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - дейді агенттіктің ресми өкілі.

Соынмен қатар, өз кінәсін толықтай мойындаған айыпталушы ұсталмаған. Тергеу жалғасып жатыр.