ҰБТ кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі

0
296

Шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға ниетті студенттер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут.


ҰБТ кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі

ERNUR.KZ. Тестілеу ұзақтығы – төрт сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған, деп жазады baq.kz.

Тестілеу кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі. Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут, 120 минуттан кейін 3 минут және 180 минуттан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі. Бұл уақытта тестке қатысушылар жаттығу жасап, су ішіп, өздерімен бірге алып келген шоколадты жей алады, - деді ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлерге тапсырмаларды орындау үшін 70 минут беріледі. Олар ҰБТ-ны екі пән – «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» бойынша тапсырады.

Шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға ниетті студенттер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут. Тестке қатысушылардың бұл санаты таңдауы бойынша екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.