Үкімет мемлекеттік алимент қорын құруды қолдамады

0
1 111

Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы және міндеті екенін жеткізді.


Үкімет мемлекеттік алимент қорын құруды қолдамады

ERNUR.KZ. Үкімет Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясын қолдамады, деп жазады Stan.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет қазірдің өзінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын сақтау және қорғау, оның ішінде әлеуметтік көмек алу бойынша шаралар қабылдап жатқанын түсіндірді. Сонымен бірге балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы және міндеті екенін жеткізді.

"Қор құру борышкерлер санының көбеюіне, ажырасудың өсуіне, ата-аналық міндеттемелерден жалтаруға әкелуі мүмкін. Ал қор алдындағы қарызды өтеу мәселесі де даулы болып қала береді", - деді премьер-министр.

Шетелдік тәжірибені талдау мұндай құрылымды құру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді, яғни қорды басқарудың арнайы құрылымын құруды, қосымша штаттық бірліктерді бөлуді қажет ететінін айтты.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, атқарушылық іс жүргізу аясында алимент өндірудің қолданыстағы тетіктерін күшейту қажет деп санаймыз", - деді Бектенов.