Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ERNUR.KZ. 15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп жазады BAQ.KZ.
Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
"Тінту барысында 2 келіге жуық дайын "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.