Қайғылы оқиғаның себептері әзірше белгісіз
ERNUR.KZ. Украинада қазақстандық бодибилдер Евгений Прудников қайтыс болды. Бұл мәліметті IFBB қазақстандық бодибилдинг федерациясының өкілдері растады, деп жазады тengrinews.
Федерациядағылар Евгений Прудниковтің қайтыс болғаны жайлы бүгін, 22 қарашада белгілі болғанын айтады. Қайғылы оқиғаның себептері әзірше белгісіз. Бұл оқиға 21 қарашада болған.
"Біздің атлеттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Денесін отанына жеткізуге қолдау көрсетеміз. Қайғылы оқиға жайлы Сыртқы істер министрлігіне хабарладық, осы мәселемен Қазақстанның Украинадағы консулымен айналысамыз", - деді республикалық IFBB бодибилдинг федерациясының президенті Александр Колюка.
Евгений Прудников 33 жаста болған. Спортшы IFBB ұйымдастарыған қалалық және республикалық жарыстарға қатысқан. Бодибилдингтен және пауэрлифтингтен спорт шебері болған.