Украинадағы жағдай: Путин мен Зеленский бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады

0
924

​​Әлемдік БАҚ Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің мәлімдемелерін жаппай жариялап жатыр.


Украинадағы жағдай: Путин мен Зеленский бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады

ERNUR.KZ. Украина президенті Литва Парламентіне үндеу тастаса, ал Ресей Федерациясының басшысы беларусь әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде мәлімдеме жасады, деп жазады Zakon.kz.

Владимир Зеленский:

  • Еуропалық Одақты ЕО елдерінің ресейлік газ бен мұнайдан бас тартуының нақты мерзімдерін анықтауға шақырды.
  • Ресейге қарсы санкциялар бойынша "шынымен де күшті шешімді қазір мақұлдау керек", - деді.
  • ЕО-ның кейбір елдері әлі күнге дейін ресейлік энергия ресурстарды сатып алуды қашан нақты шектейтінін шеше алмай жатқанын атап өтті.
  • Жүздеген еуропалық компаниялар мен банктер Ресей Федерациясын қаржыландыруды тоқтату талаптарын орындауға құлықты еместігін ашық білдіретінін айтты.

Сонымен қатар, Bild неміс басылымы Зеленский "Ресеймен тығыз байланыста болғаны үшін" Киевте Германия президенті Штайнмайерді қабылдаудан бас тартқанын жазды.

Владимир Путин:

  • Украинада болып жатқан жағдай трагедия, Ресейде басқа таңдау болған жоқ.
  • "Украинада өсіп-өнген Ресейге қарсы күштермен қақтығыс орын алатын еді, бұл тек уақыт еншісіндегі мәселесі болып келген".
  • Жаман пиғылдылардың күткен "блицкригі" орын алмады. Ресейдің қаржы жүйесі, өнеркәсіп саласы қалыпты жұмыс істеп жатыр.
  • Киев Ыстамбұл келісімдерінен бас тартты, тараптар тығырыққа тірелді.

Украина төңірегіндегі жағдай:

  • Дүниежүзілік банк басшысы Дэвид Малпасс Украинаға халқына мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін 1,5 млрд доллар көлеміндегі қолдау пакетін дайындап жатыр.
  • ГФР Федералды желілік агенттігінің басшысы Gazprom Germania-ның ең үлкен қоймасы шикізатпен 1% қамсыздандырылғанын айтты.
  • НАТО Украинадағы соғыс қимылдарын жаңа және үлкен кезең күтіп тұрғаны сөзсіз деп санайды.
  • Кремль Ресей президенті мен Австрия канцлерінің кездесуіне қатысты түсініктеме берді.
  • Bloomberg: Германия Украинадағы РФ-ның ұрыс қимылдарын айыптаудан Үндістан қалыс қалғандықтан үнді премьерін G7 саммитіне шақыру-шақырмау жайын талқылап жатыр.
  • Ресей еуробондтары бойынша өз міндеттемелеріне қатысты дефолт жарияламады, ал CNN ақпараты шындыққа сәйкес келмейді, деп мәлімдеді РФ Қаржы министрлігі.