Бұған дейін ол соттан өзін жәбірленушілер қатарынан шығаруды сұраған.
Фото: Әділет Зейнел архиві/Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Қаза болған Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел оның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қалатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Бұған дейін ол соттан өзін жәбірленушілер қатарынан шығаруды сұраған. Алайда сот отырысының басында судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Кейін судья Меруерт Абаева Әділет Зейнелден бұрын берген өтінішіне қатысты ұстанымын қайта нақтылады.
"Сіз жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтінішіңізді қолдайсыз ба? Әлде осы іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысуды жалғастырасыз ба?" – деп сұрады судья.
Осыдан кейін Әділет Зейнел бұрынғы өтінішінен бас тартып, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қалатынын мәлімдеді.


