ERNUR.KZ. Ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймын", - деді МҚІСҚА ресми өкілі.
Агенттік өкілдері толық ақпаратты кейінірек беруге уәде берді. Ведомстводағы вице-министрдің атын әзірге атаған жоқ.
5 маусымда елде білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваның ұсталғаны жайлы ақпарат тараған. Аталған министрлікті Күләш Шәмшидинова басқарады.
20 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелерімен жемқорлықпен күрес мәселесін талқылаған жиында "егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс" деген.