Ұлттық экономика министрлігі: 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды құрады

0
89

Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсетті.


Ұлттық экономика министрлігі: 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды құрады

ERNUR.KZ. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрады. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсетті.

«Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті», — деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында.

Вице-министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.