1 сәуірден бастап қос мекеме арасындағы жанармай құю бекеттерін жалға алу және пайдалану туралы келімшарт тоқтады.
ERNUR.KZ. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы өзінің жанармай құю бекеттері желісін сатып жіберді, деп жазады 24.kz.
Компания 100% еншісін «ҚазМұнайГаз-Retail» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 60,5 млрд теңгеге өткізген. 1 сәуірден бастап қос мекеме арасындағы жанармай құю бекеттерін жалға алу және пайдалану туралы келімшарт тоқтады. Енді олар «Petro-retail» компаниясының жеке-меншігінде. Келісім шартқа сәйкес, жанармай бекеттерін сатып алған компания қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалады. Мәселен, екі ай ішінде жаңа меншік иесі барлық өндіріс қызметкерлерін, ағымдағы шарттармен, кем дегенде алты ай мерзімге жұмысқа қабылдауға міндеттенеді. Былтыр жарияланған байқау ережелеріне сай, жанармай құю бекеттеріндегі «ҚазМұнайГаз» маркасы 2019 жылдың аяғына дейін сақталады.