Ұлттық паркте екі елікті атып алған: браконьерлер мінген көлік ұсталды

0
101

Автокөлікті тексеру барысында көлік салонында екі сібір елігінің денесі және тегіс ұңғылы мылтық табылған.


Ұлттық паркте екі елікті атып алған: браконьерлер мінген көлік ұсталды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында тағы бір браконьерлік дерегі тіркелді, деп жазады tengritravel.kz.

9 қазанда Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері, Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері және Алматы облысының табиғат қорғау полициясы мен бірлесіп, Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жануарлар әлемін қорғау мақсатында жүргізілген операциялық-рейдтік шаралар кезінде Тойота Прадо маркалы автокөлікті тоқтатқан.

"Автокөлікті тексеру барысында көлік салонында екі сібір елігінің денесі және тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша Қарасай аудандық АПБ-ында ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.