Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасын ұстағанын мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №52859 әскери бөлімі командирінің орынбасарын құрықтады.
"Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу мүдделеріне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.
Агенттік лаузымды тұлғаны ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан қыруар қаржының тәркіленіп жатқанын көруге болады.