Жаңа зауытта М125-М200 беріктігі бойынша жоғары маркалы тас шығару жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Жаңа зауыт жылына 20 млн кірпіш өндіруге қауқарлы. Биылдың өзінде жыл аяғына дейін 5 млн өнім шығаруды көзделіп отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы қатысып, игі бастама жаңа облыстағы инфраструктураның дамуына жол ашатынын жеткізді.
"60-тан астам жаңа орын ашылып, ұлытаулықтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Онымен қоса, Ұлытау облысының құрылыс-монтаждау объектілері, құрылыс базарлары өз өнімімізді қолданады. Бұл - барлығымыз үшін де игі бастама деп білемін"-деді өңір басшысы өз сөзінде.
Жеке кәсіпкер Телібай Бекмұратовтың айтуынша кірпіш құрамындағы өнім жоғары сапада.