Ұлытауда мүгедектердің ақшасын жымқырған әлеуметтік мекеме басшысы тергеліп жатыр

0
435

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Ұлытауда мүгедектердің ақшасын жымқырған әлеуметтік мекеме басшысы тергеліп жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік мекеменің басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА аумақтық департаменті әшкереледі, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

“Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот күдіктіні 2 айға қамау туралы шешім шығарды.